Министерство здравоохранения республики казахстан карагандинский государственный медицинский университет




НазваниеМинистерство здравоохранения республики казахстан карагандинский государственный медицинский университет
страница10/45
Дата17.04.2013
Размер2.71 Mb.
ТипДокументы
1   ...   6   7   8   9   10   11   12   13   ...   45

С.Б. Ахметова

ФИТОПРЕПАРАТТАРМЕН ЕМДЕУ КЕЗІНДЕГІ ІРІҢДІ ЖАРАЛАР МЕН ТРОФИКАЛЫҚ ОЙЫҚ ЖАРАЛАРДАҒЫ МИКРОБТЫҚ ПЕЙЗАЖ


ҚММУ, микробиология және иммунология кафедрасы


Қазіргі заманғы хирургия жараларды емдеп жазуға арналған көптеген әртүрлі фармацевтикалық топтары бар. Қолданылатын препараттардың көпшілігінде белгілі бір кемшіліктері болады. Олардың ішіндегі ең негізгісі болып табылады: бір бағыттық әсері, тиімділігінің төмендігі, жиі аллергиялық реакцияларды тудыруы Соңғы жылдары антибактериальды препараттар мен басқа да факторлардың әсерінен іріңді-қабынулық ауырулардың (ІҚА) қоздырғыштарының құрылымында өзгерістер пайда болды. Антибиотиктерді алдын алу мақсатында қолданғанда дисбактериозға, микробтар-антагонистердің жоюлуына және организм күшінің төмендеуінен инфекциялардың пайда болуына және дамуына әкелетін, қолданылатын антибиотиктерге тұрақты болатын анаэробты комменсалдардың этиологиялық рөлінің жоғарылауына әкеледі [1].

Осының барлығы іріңді жаралардың микрофлорасының биологиялық ерекшеліктерін, токсигенді емес патогенділік факторының коллонизация процестерін тереңдетіп зерттеуге себеп болады. Осы мәліметтер жаралық процестің ағымын болжамдауға мүмкіндік береді, ал олай болса іріңді-септикалық жаралардың асқынуын алдын алу мақсатында іріңді жаралардың емін коррекциялауға болады, осы жұмыстың мақсаты антисептик «Биалм» мен жараларды емдеп жазатын «Тополин» фитопрепараттарының іріңді жаралар мен трофикалық ойық жараларды емдеу барысында микрофлораға әсері болып табылады [2]. Жаңадан өңделген ұзақ әсерлі қабықша түріндегі және «Тополиннің» әртүрлі құрамды май түріндегі дәрілік формалар хирургияда, травматологияда, сонымен қатар саңырауқұлақты қосылыстарды емдегенде өзінің тиімділігін көрсетті. Бірақ іріңді жаралар мен трофикалық ойық жаралардың шартты-патогенді флорасына әсері зерттелмеген болатын [4].

Материалдар және әдістемелер. Жүргізілген микробиологиялық зерттеулердің нәтижесі бойынша шартты-патогенді микроорганизмдердің (ШПМ) 511 штаммы бөлінді, оның ішіндегі - 269 штаммы іріңді жаралары бар 110 науқастардан және 134 штаммы трофикалық ойық жаралары бар 134 науқастардан анықталды.

Материалды жаралардың, ойық жаралардың беткейінен стерильді мақта тампонының көмегімен алып, Gould әдісі бойынша қанды агарға ектік. Протеялармен суперинфицирленгенге күдіктенгенде, қосымша алдын ала спиртпен өңделген Эндо ортасына егулер жүргіздік. Есептеуді кесте бойынша жүргіздік, 1 мл колониятүзуші бірліктер (КТБ/мл). Егер жара құрамының 1г бактериялар саны 105 жоғарылайтын болса, онда бұл ауыру ағымының нашарлануына және мүмкін болатын септикалық асқынуларына дәлел бола алады. Микроскопия және жинақтауға алынған сұрыптамалардан және идентификациядан кейін оқшауланған колонияларды ЕПС немесе қантты сорпаға егіп, 4-5 сағатқа +370С температураға қойылатын. Содан соң агарда қағаз дискілерді пайдаланып диффузия әдісімен антибиотикке сезімталдылығын анықтадық.

Нәтижелер мен талдау. Қарағанды қаласының Облыстық медициналық орталықтың хирургиялық бөлімінде 2008 жылдан 2010 жылға дейінгі кезеңде жаралардың микрофлорасына жүргізілген зерттеулері бойынша бөліп алынған қоздырғыштар моно түрінде де, ШПМ факультативтілермен және анаэробтармен ассоциацияланған стофилококктар мен стрептококктар грам оң микроорганизмдерге жататынын көрсетті. Бұл трофикалық ойық жараларға да тән, бірақ зерттелетін топтардың микробтық көрінісін толық зерттеп қарағанда, бөлінген микроорганизмдердің биологиялық ерекшеліктері мен ауырудың патогенезіне байланысты болатын айырмашылықтар байқалады. Науқастардың екі тобынан да алынған материалда бактериялардың коккты формалары: іріңді жаралары бар топта стафилококктар (45,45%) және трофикалық ойық жаралар кезінде 26,8%, стрептококктар (19,31% және 18,75%); энтеробактериялар (21,96%) және 23,61% басым болды. Фермент түзбейтін грам теріс бактериялар (ФТГТБ) трофикалық ойық жаралары бар топта (11,11%) жиі бөлінетін. Зерттелетін барлық топтарда Candida туысының саңырауқұлақтары (9,72%) және анаэробты микроорганизмдері (9,72%) бірдей жиілікте кездесетін. Ескертіп айтқанда іріңді жаралары бар топта олардың пайызы 3 есе кем болатын, анаэробтар үшін (3,03%) және жекелеген түрде Candida spp. туысының саңырауқұлақтары кездесті.

Микрококктар тұқымдастығында егілгені бойынша басым болды: іріңді жаралары бар топта плазмокоагулаза теріс стафилококктар (58,83%), оның ішінде S.epidermidis саны басымдау, Lg 6,00,3 КТБ/мл, сондай-ақ трофикалық ойық жаралары бар топта S.epidermidis саны жиі кездесті (42,38%), бірақ КТБ/мл осы мәнінен жоғары және Lg 7,30,8 КТБ/мл тең.

Іріңді жаралары бар топта энтеробактериялардың ішінде жартысынан кемдеу Escherichiae туысының микробы құрады, барлығы E.сoli (37,93%), Lg 5,10,8 КТБ/мл, сондай-ақ сол пайызда Proteae туысының микробы (37,93%), Lg 5,50,8 КТБ/мл егілді. Ал трофикалық ойық жаралары бар топта E.сoli (35,29%) Lg 7,00,7 КТБ/мл, Proteae (32,35%) Lg 5,50,9 КТБ/мл тең болды.

Микробтық жайылуының (КТБ/мл) төмендеуінің динамикасын зерттелетін топтарда емінің алдындағы, содан соң жаралық процестің бірінші фазасында, фитопрепараттарды қолданғанда және жаралық процестің екінші фазасында КТБ/мл салыстыра отырып қарастырды. Кездесу жиілігінің анализі кезінде бөліп алынған микроорганизмдер мен микробтық ассоциациялар арасында жүргізілетін емнің динамикасында іріңді жаралары бар топтарда да, трофикалық ойық жаралары бар топтарда да 1мл колония түзуші бірліктердің және S.аureus, S.epidermidis, -гемолитикалық стрептококктың, E.faecalis егілген жиілігінің айқын төмендеуі байқалды. Бұл олардың антибиотикаварларымен де дәлелденеді.

Микробтық көрінісін анализдей отырып, микробтық санының (КТБ/мл) төмендегені байқалды. Бұл жаралық процестің I фазасында «Тополин» және «Биалм» фитопрепараттарын пайдаланған кезде іріңді жаралары бар топта микробтық жайылу ошақтарының төмендегенін көрсетті. Мысалы, емнің алдында монодақылда S.aureus (Lg 6,90,4 КТБ/мл) және S. epidermidis (Lg 6,00,3 КТБ/мл) егіп шығарылды, ал 30% гельдік формамен емдегенде жаралық процестің бірінші фазасында КТБ/мл жоғары мәні Lg 3.90.5 КТБ/мл және Lg 3.90.4 КТБ/мл құрады. Бірақ бұл тек аурухана ішілік штаммдармен суперинфицирленбеген жағдайда ғана байқалды. Отандық фитопрепараттармен емдеу процесінде жараның бактериальды жайылуының динамикасын зерттеу іріңді жаралары бар және трофикалық ойық жаралары бар топтарда жайылудың баяу төмендегенін анықтадық. Бұл барлық емдеу этаптарында бөліп алынған микроорганизмдердің токсигенді емес патогенділік факторының төмендеуі, әсіресе жүргізілген емнің динамикасында бөлініп алынған микроорганизмдердің адгезивті және гиалуронидазалық белсенділігінің төмендегені туралы мәліметтерді дәлелдейді.

Әдебиеттер

  1. Поляков В.В., Адекенов С.М. Новые отечественные фитопрепараты из тополя бальзамического, // Сб. трудов международной научной конференции «Химия применение природных и синтетических биологически активных соединений». Алматы, 2005, С. 30.

  2. Оригинальные фитопрепараты из тополя бальзамического (Populus balzamifera) и опыт их применения в медицине, Под редакцией д.х.н., проф. Полякова В.В., Петропавловск, (2006).



1   ...   6   7   8   9   10   11   12   13   ...   45

Похожие:

Министерство здравоохранения республики казахстан карагандинский государственный медицинский университет icon1. Линейные элементы электронных схем
Министерство образования и науки республики казахстан карагандинский государственный технический университет
Министерство здравоохранения республики казахстан карагандинский государственный медицинский университет icon1. Линейные элементы электронных схем
Министерство образования и науки республики казахстан карагандинский государственный технический университет
Министерство здравоохранения республики казахстан карагандинский государственный медицинский университет iconМинистерство образования и науки республики казахстан карагандинский государственный технический университет
Программа вступительного экзамена по дисциплине «Основы технической эксплуатации тт»
Министерство здравоохранения республики казахстан карагандинский государственный медицинский университет iconРеспублики Казахстан Карагандинский государственный технический университет
Государственная программа развития образования в Республике Казахстан на 2011 – 2020 годы
Министерство здравоохранения республики казахстан карагандинский государственный медицинский университет iconМинистерство образования и науки республики казахстан карагандинский государственный технический университет
Перечень дисциплин вступительного экзамена для магистрантов по специальности 6М090100 «Организация перевозок, движения и эксплуатация...
Министерство здравоохранения республики казахстан карагандинский государственный медицинский университет iconН ациональный банк республики казахстан карагандинский филиал пресс релиз №3
Карагандинский филиал Государственного учреждения «Национальный Банк Республики Казахстан» информирует об объявлении Национальным...
Министерство здравоохранения республики казахстан карагандинский государственный медицинский университет iconПрограмма и задания вступительного экзамена для магистрантов по специальности 6М073100 безопасность жизнедеятельности и защита окружающей среды кафедры: «Рудничная аэрология и охрана труда»
Министерство образования и науки республики казахстан карагандинский государственный технический университет
Министерство здравоохранения республики казахстан карагандинский государственный медицинский университет iconПрограмма и задания вступительного экзамена для магистрантов по специальности 6М073100 безопасность жизнедеятельности и защита окружающей среды кафедры: «Рудничная аэрология и охрана труда»
Министерство образования и науки республики казахстан карагандинский государственный технический университет
Министерство здравоохранения республики казахстан карагандинский государственный медицинский университет iconРеспублики Казахстан Карагандинский государственный технический университет
О реализации учебных, научных и исследовательских программ в рамках инновационного консорциума «Корпоративный Университет»
Министерство здравоохранения республики казахстан карагандинский государственный медицинский университет iconРеспублики Казахстан Карагандинский Государственный Технический Университет
Программа вступительного экзамена по дисциплине «Алгоритмизация и программирование»
Разместите кнопку на своём сайте:
Библиотека


База данных защищена авторским правом ©lib.znate.ru 2014
обратиться к администрации
Библиотека
Главная страница